Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев31 қаңтар - күнтізбе
31 қаңтар - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 31-ші күн. Жыл соңына дейін 334 күн бар.

31 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

31 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

31 қаңтарда орыс арағының туған күні тойланады. 1865 жылы 31 қаңтарда Петербург қаласында Дмитрий Менделеев "Спирт пен судың қосылысы туралы" докторлық диссертациясын қорғаған болатын. Осы тарихи оқиға мерекенің аталып өтуіне себепші болды. Кей деректерге сүйенсек, арақ Ресейге Скандинав түбегіндегі елдерден 16 ғасырда әкелінген. Сонда да орыс халқы арақты төл сусыны санап, мерекелік дастархан басына міндетті түрде қояды. Ішімдіктің осы түріне деген ерекше сүйіспеншілігінің арқасында ертесінде біраз жұрттың қиналатыны да рас. 

Израильде Ту би-шват – ағаштардың жаңа жылы тойланады. Бұл мереке еврей айының 15-ші күніне сай келіп, Израиль табиғаты қысқы ұйқысынан оянады. Ағаштардың жаңа жылы күнінде Израильде жаңбыр маусымы аяқталып, табиғат жаңғырғандай күй кешеді. Мерекеде ағаш отырғызылып, дастарханға жеміс-жидек, дәнді-дақылдар қойылады: құрма, зәйтүн, жүзім, анар және тағы басқалары. Ағаштардың жаңа жылын тойлаған еврейлер тал-дарақтарды кесуге, сындыруға болмайтынын жадында ұстайды, өйткені ағаш адамға жемісін береді. Негізінде адам мен ағаштың ұқсастығы өте көп. Адамның да ағаш сияқты тамыры болады. Көзге көрінбесе де, дәл осы тамыр ағаш пен адамға күш сыйлайды. Шынайы сенім тамыр сияқты: басқа жұртқа көрінбейді. Ағаштың діңгегі – адам өмірі, жемісі – балалары.

Сонымен қатар, бүгін Халықаралық зергер күні. Бұл мерекені тойлау идеясы 2002 жылы "Алтын сақина" фестивалінде туындаған. 2008 жылы Ташкентте жас зергерлер фестивалінде 31 қаңтарды Халықаралық зергерлер күні деп бекітуге шешім қабылданды. Бұл күннің таңдалу себебі – қаңтар айында зергерлер өз белгілерін тіркейді.

31 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1865 жылы химик Дмитрий Менделеев "Спирт пен судың қосылысы туралы" диссертациясын қорғады. Содан бері бұл күн арақтың туған күні болып саналады;

1893 жылы АҚШ Coca-Cola тауарлық белгісін патенттеді;

1968 жылы Тынық мұхитының ортасындағы шағын мемлекет — Науру Республикасының тәуелсіздігі жарияланды;

1990 жылы Мәскеуде КСРО-дағы алғашқы McDonald's ашылды.

31 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қарағанды политехникалық институты филиалының базасында Жезқазған тау-кен технологиясы институты құрылды;

2011 жылы Алматыда "Медеу" биік таулы спорт кешенінің оңтүстік бөлігінде Қар барысы саябағы ашылды;

2012 жылы Алматыда алғаш рет Мағжан Жұмабаевтың  "Табалдырық. Манифест" кітабының баспа нұсқасы жарық көрді.

31 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1911 жылы болгар көріпкелі, емші Ванга дүниеге келді;

1921 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, педагог Владислав Стржельчик дүниеге келді. Социалистік еңбек ері (1988). КСРО-ның халық әртісі (1974). ("Соломенная шляпка", "Гардемарины, вперед!", "Война и мир" фильмдері);

1981 жылы америкалық поп-музыкант және актер Джастин Тимберлейк дүниеге келді;

1982 жылы грек әншісі, "My number one" әнімен Евровидение-2005 байқауын жеңіп алған Елена Папаризу дүниеге келді.

31 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1948 жылы жазушы-драматург, аудармашы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Баққожа Мұқай дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстанның Венгриядағы Төтенше және Өкілетті елшісі (2013 жылдың сәуірінен бастап), Қазақстан Республикасының Сербия Республикасы, бұрынғы Югославия Республикасы Македониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі (2013 жылдың қазанынан бастап) Нұрбах Рүстемов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Кез келген шаруаны мұқият ойластырып, данышпан шешімдерге келесіз. Құйтұрқы жоспар құруға таптырмас кезең, сонымен бірге басқа да қабілеттеріңіз ашылуы мүмкін. Рухани баю үшін сапар шегуге болады.

Жаңалықтар
0