Саясат

Назарбаев "левый берег" салғыштарды сынады

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент бюджет қаржысын тиімсіз жобаларға салмай, халықтың игілігіне жұмсауды тапсырды

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қаржысын үнемдемейтін әкімдерге ашуланды, деп хабарлайды тілшісі.

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Ренжітейін деп айтқан жоқпын" Президент үкіметті мақтады

"Левый берег Қызылорда" деген шықты қазір. Астанада сол жағалау болса, оларда да болуы керек. Адамдар инфрақұрылымға жақын болуы керек. Жарайды, салдың делік, енді оған көпір керек, ТЭО салу керек, құбыр өткізу керек. Қызылорданың оң жағалауында жер жоқ па, сонда? Қарағандыға дейін қанша саламын десең жер бар", — деді президент. 

Осы кезде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев құрылыс бас жоспар бойынша жүргізілетінін айтты. 

"Бас жоспарды біз жасаймыз, өзгерістер енгіземіз. Мен қарсы емеспін, бірақ қандай ақша шығындалатынын қарау керек", — деді Елбасы. 

Назарбаев қазынадан бөлінген ақшаның тиімсіз жұмсалуына ашуланды.

"Енді кімнің "левый берегі" бар тағы? Павлодар салсын, Өскемен салсын. Тағы кім бар, Орал салсын. Қосымша үй салудың орнына, ол жаққа құбыр жеткізіп, жол мен көпір саламыз. Адам сияқты берген ақшаға қожа болсаңдаршы. Мемлекеттің ақшасын неге үнемдемейсіңдер?", — деді Назарбаев үкімет мүшелеріне.

Президент емхана, балабақшалардың барлығы тұрғын үйлердің бірінші қабатында, халыққа жақын орналасуы керек екенін атап өтті. 

Қызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Экономика
Президент министрлерге: Сендер бар болғаны қорқақсыңдар

"Астана әкіміне осыған байланысты тапсырма бергенмін. Емхана, балабақшалар үйге жақын, бірінші қабатта орналасуы керек. Үй салмас бұрын, осыны алдын ала келісіп алыңдар. Ал біз болсақ, оларды сарай қылып жеке саламыз. Ақшаны санап жатқан ешкім жоқ. Әлихан (Смайылов – қаржы министрі), біздің қазынашылық сен келгеннен кейін жақсы жұмыс істейтін шығар. Әйтпесе Сұлтанов (Бақыт Сұлтанов – Астана әкімі, бұрынғы қаржы министрі) оны құрдымға жіберді, мен оны қаншама рет сынадым. Ақшаны санау керек. Есеп палатасы деген де бар. Бұл қаржының бары жақсы әрине, бірақ оны халықтың игілігіне жұмсайық", — деді Назарбаев.


Жаңалықтар
0