Өңірлер

Ақмола облысында әкім тұрғындарға ағылшын тілін үйретіп жүр

CC0 / Free-Photos / Ер адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Болашақ" бағдарламасының түлегі, ауданның креативті басшысы өзінің ағылшын тілі курсына 30 тұрақты тыңдаушы жинаған

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының тұрғындары ағылшын тілін қуана үйреніп жүр. Оларға ағылшын тілі сабағын әкім Ерлан Исабековтің өзі жүргізеді, деп хабарлайды  тілшісі.

Ақмола тұрғындары әкімнің ағылшын тілі сабағын жүргізу туралы идеясын жоғары бағалайды. Ерлан Исабектің айтуынша, бастапқыда оның дәрісіне көбінесе жастар жазылған. 

"Әкім жүргізетіндей қандай сабақ екен?" деп қызығып келетіндерді көп байқайтынмын. Бірақ уақыт өте келе жасы үлкен азаматтар да келе бастады. Дәріс кезінде "жаңадан келгендерге" бірінші кезекте мотивация маңызды екенін айтамын. Егер сен өзің тілді үйренгің келмесе, қанша талпынсаң да, бұл әрекетіңнен ешнәрсе шықпайды", — деп бөлісті әкім.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
"10 мыңнан 230 мыңға дейін" Әкім астаналықтардың орташа жалақысын атады
Сабақтар демалыс күндері өтеді. Исабековтің айтуынша, сабақ кезінде грамматика, орфография мен пунктуацияны ғана үйреніп қоймай, ағылшын тілінде сөйлеуге де көп мән беріледі. Бұл үшін, тіпті, курсқа қатысушылар ұстазымен бірге караокеге бірге ән айту үшін барып жүр. Егіндікөлдіктер осылайша сөздерді қарапайым жолмен үйреніп, өздерінің ойын жеткізуге үйренуде.

"Олардың ағылшын тілін әртүрлі деңгейде білетіні қиындық тудырады. Бірі "эй, би, си" деңгейінде, ал екіншісі еркін сөйлеп, көбірек білуге ұмтылады. Менің басты мақсатым — ағылшын тіліне деген қызығушылығын ояту", — деді Исабеков.

Сондай-ақ, ол бұл сабақтардың әкім мен жергілікті тұрғындар арасында байланыс орнатуға көп көмектесіп жатқанын айтты. Олар сабақ кезінде маңызды мәселелер туралы да әңгіме қозғап, қызықты ұсыныстарды да талқыға салады. Мүмкіндігінше мұның барлығын ағылшын тілінде айтады.

Тағы оқыңыз: 

Ерлан Исабеков "Болашақ" бағдарламасының түлегі, 2012 жылы АҚШ-тың Джорджтаун университетінде экономика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған болатын. 2018 жылдың сәуір айынан бастап Егіндікөл ауданы жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Жаңалықтар
0