Қоғам

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

CC0 / Miroslavik / Қойын дәптер
Қойын дәптер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шілде айында су шаруашылығы қызметкерлері өзінің кәсіби мерекесін атап өтеді

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның мерекелік күнтізбесі су шаруашылығы қызметкерлері күнімен толықты.

2019 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі - Sputnik Қазақстан
Инфографика
2019 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі
Үкіметтің 2019 жылғы 24 қаңтардағы №11 қаулысы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Аталған құжатқа сәйкес, Қазақстанның мерекелік даталар тізбесі осы жылдан бастап 9 шілдеде аталып өтетін су шаруашылығы қызметкерлері күнімен толықты.

Сондай-ақ, осы айда дипломатиялық қызмет, 2018 жылы алғаш рет аталып өткен ұлттық домбыра, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдары, балық шаруашылығы күнін, металл, сауда саласының және көлік қызметкерлерінің күнін атап өтеді. 

Бұдан өзге республика халқы 6 шілдеде Астана қаласының туған күнін тойлайды.

Тағы оқыңыз:

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қараша айында Қазақстан күнтізбесіне жаңа дата — Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерь қызметі күні енгізілген болатын.

Жаңалықтар
0