Димаш Құдайберген әр әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс істеу өте маңызды екенін атап өтті.
Димаш Игорь Крутойдың бірнеше туындысы өз репертуарына енгенін айтты.
"Титаник әнімен жұмыс істеген Уолтер Афанасьефф та тамаша композитор, екі дүркін Грэмми иегері. Сол кісімен шығармашылық қарым-қатынастамыз", — деді әнші.
Ол тыңдармандарына толыққанды піскен, дайын нәрсені ұсынғысы келетінін айтты.
Осы орайда, Димаш алдағы жоспарларына да тоқталды.
"Жақын арада менің ең алғашқы альбомым жарық көреді. Қазақ ырымшыл халық қой, алда болатын мақсаттарды жайып салғанды жөн көрмейміз. Дегенмен, айтып өтейін, Игорь ағамыз орындап жүрген "Любовь уставших лебедей" әніне жуырда бейнебаян түсіреміз. Одан кейін Америкадағы композиторлардың тамаша әндеріне бейнебаян түсіргелі жатырмыз", — деді қазақстандық жұлдыз.