Қоғам

Енді қазақстандықтарға салық берешегі туралы SMS-хабарлама жіберіледі

© Photo : Dean MoriartyҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ, әрбір салық төлеуші қарызының бар-жоғын eGov порталынан, салық төлеушінің жеке кабинеті мен банктің онлайн-сервистерінен тексере алады

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жыл соңына дейін салық берешегі туралы SMS-хабарлама енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Енді қазақстандықтарға салық берешегі туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

салық кодексі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда салықты электронды түрде төлеу жеңілдейді

"Жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама енгізуді жоспарлап отырмыз. Алайда бұл азаматтың салықты дер кезінде төлейтініне кепілдік бола алмайды", — деді қаржы министрі Әлихан Смайылов мәжілістегі үкімет сағатында. 

Министр шекара асатындар үшін салықты әуежайда төлеу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Айтуынша, салықтың төленгені туралы ақпарат дәл сол сәтте келеді. 

"Біз үкіметтің электронды шлюзі арқылы тікелей банктермен кіріктірілдік. Бұл бір-екі минут ішінде төлем туралы ақпаратты көруге мүмкіндік береді. Сондықтан шетелге шыққанда мұндай проблема жоқ", — деді Смайылов.

Сондай-ақ, ол әрбір салық төлеуші қарызының бар-жоғын eGov порталынан, салық төлеушінің жеке кабинеті мен банктің онлайн-сервистерінен тексере алады. 

Осы орайда ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова салық берешегі туралы SMS-хабарлама жіберу үшін мобильді мәліметтер базасы жасалып жатқанын айтты.

"Бүгінгі таңда базада 7 миллионға тарта азамат тіркелген. Екі жыл ішінде мобильді база толығымен толады деген ойдамыз", — деді вице-министр.

Жаңалықтар
0