Каникул кезіндегі студенттік құрылыс отрядтары, аспаптар ансамблі, практикадағы еңбек – міне, кеңес дәуіріндегі жастардың тыныс-тіршілігі осындай еді.
Өткен жылдардың суреттеріне мұқият зер салыңыз – 70-80 жылдарда студенттердің қалай білім алып, жұмыс істегендерін, қалай демалғандарын көресіз.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ІІІ курс студенттері, 1981 жыл.

Қазақстандық студент Жантас Бижанов – интернационалды студенттер құрылыс отрядының-85 қатысушысы, 1985 жыл.

Ақын Олжас Сүлейменов С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)студенттері алдында сөз сөйлеп тұр, 1987 жыл.

Алматы мемлекеттік медициналық институтының студенттері Іле Алатауы тауларында демалыста, 1983 жыл.

КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Павлодар ауыл шаруашылығы техникумының студенттері, 1979 жыл.

Алматы қаласындағы М.И. Калинин атындағы Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері лингафонды сыныптағы сабақ кезінде, 1984 жыл.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) білім алып жүрген кубалық студенттер, 1984 жыл.

Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері, 1974 жыл.

Қазақ политехникалық институтының студенттері дәріс кезінде, 1979 жыл.

Целиноград облысы, Вишнев (Аршалы) ауданы, "Ижевский" совхозындағы студенттер отряды, 1966 жыл.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультеті студенттерінің ансамблі, 1968 жыл.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы. Оркестр факультеті шекті аспаптар бөлімінің студенті Сарқыт Мансұров пен фортепиано факультетінің студенті Ирина Әбікенова, 1960 жыл.

Алматы студенттері 1 мамыр – Халықаралық еңбекшілер күніне орай мерекелік шеруде, 1963 жыл.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтының (қазір Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) студенттері оқу-тәжірибелік шаруашылық алқаптарында, 1972 жыл.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрылыс отряды Қазақстанға аттанғалы тұр, 1973 жыл.

Целиноград облысына тұрғын үй, мектеп, клуб, совхоз ғимараттарын салуға келген Мәскеу мемлекеттік университеті құрылыс отрядының студенттері, 1968 жыл.

Жалпы одақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (қазір А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) студенттері дәріс кезінде, 1972 жыл.

Қазақстандағы Халықаралық студенттер құрылыс отрядының лагері, 1967 жыл.

Алматы зооветеринарлық институтының паразитология кафедрасындағы сабақ, 1961 жыл.

Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік медициналық институты (қазір С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті). Профессор Ішімбай Қарақұлов 5-ші курс студенттеріне дәріс оқып тұр, 1960 жыл.

Қазақ әйелдер педагогикалық институтының студенттері велосипедтегі жаттығу кезінде, 1958 жыл.

Ленинградтық студенттерді Қазақстанға тың игеруге шығарып салу сәті, 1958 жыл.

Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институты (қазір Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті). Филология факультетінің студенттері үй шаруашылығы сабағында, 1958 жыл.
