Әлем

Директор сабаққа кешіккен оқушыны ұрып, құлағының пердесін жарып жіберді

© Sputnik / Ксения ВоронинаБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Прокуратура оқушының анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Өзбекстанда он бірінші сынып оқушысының анасы ұлын мектеп директоры кешіккені үшін соққыға жыққанын мәлімдеді. Бұл туралы оның прокуратураға жазған арызында айтылған. 

Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаркентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студентті ұрып-соқты – видео

Оқиға Сурхандария облысының Жарқорған ауданында №4 мектепте болған, деп жазды gazeta.uz.  

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел соққыға жығу салдарынан ұлының құлағының пердесі жарылып кеткенін айтқан.

Жарқорған ауданының прокуратурасы оқушының анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бас прокуратура бұл істі өз бақылауына алғанын хабарлады. 


Жаңалықтар
0