Өңірлер

Орын бергісі келмеген: Қарағандыда 11 жастағы баланы қан-жоса етіп ұрып кетті

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға пиццерияға тиесілі видеобақылау камерасына түсіп қалған

АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда белгісіз біреулер пиццерияда орын беруден бас тартқан 11 жастағы баланы соққыға жықты. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Төбелес - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қолын сындырып, мұрнын бұзған: Алматыда қонақүй күзетшісі аяусыз соққыға жығылды

"38 жастағы қала тұрғыны Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер оның кәмелетке толмаған баласына қаладағы пиццериялардың бірінде дене жарақатын салған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушысын анықтады", — деп жазды өңірлік ekaraganda.kz порталы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағына ("Адамдар тобы жасаған бұзақылық") сәйкес алдын ала тергеу басталды.

Оқиға пиццерияға тиесілі видеобақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда жерге құлаған баланы теуіп жатқаны көрінеді. Қарда қанның ізі қалған.   

 

Жаңалықтар
0