Қоғам

Буйвол арыстандардан қашып құтылу үшін қулық ойлап тапты – видео

© AFP 2022 / ERIC BRINKHOSTЕнеке
Енеке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жағада оннан аса арыстанның қоршауында қалған енеке судың арғы бетіне жүзіп өтті

АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде тұзаққа түскен енекенің (буйвол) бір топ арыстаннан қалай құтылғаны жайлы видео жарияланды. 

Видеокадрдан үш арыстанның судың ортасында тұрған енекеге жармасып жатқаны көрінеді. Бір кезде енеке жыртқыштардан   босап шығып, суда жалғыз қалады, ал жағада оны оннан аса арыстан күтіп тұр еді.

Енеке бірнеше рет қашып кетуге әрекеттенгенімен бәрі сәтсіз аяқталады. Неге екені белгісіз, арыстандар суға топтасып түсуге асықпайды. Олар мұны бір-бірден жасап көреді, бірақ енеке оларды үркітіп, жағаға қайтуға мәжбүрлейді. Бір уақытта енекеге судың арғы бетіне жүзіп өту жайлы ой келеді. 

Бір қызығы, жыртқыштар суды жағалай жүгіріп, оны күтіп алудың орнына артынан қарап тұрады. Арыстандарға бұл ой келгенше, енеке ізін суытты. 

 

 

Жаңалықтар
0