Өңірлер

Өскеменнің атауын өзгерту ұсынылды – облыс әкімі шұғыл брифинг өткізді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨскемен. Архивтегі сурет
Өскемен. Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ақ жол" партиясының семейлік филиалының белсенділері облыс әкімінің атына хат жазып, қаланың атауын өзгерту туралы мәселе көтерді

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскеменнің атауын өзгертуге қатысты мәлімдеме жасады. Ол қауесетті сейілту үшін шұғыл брифинг өткізді.   

"Ешкім Өскеменнің атын өзгертуді қарастырып жатқан жоқ. Нақты жауап бердім деп ойлаймын", — деп YK-news.kz өңірлік басылымы Ахметовтың сөзінен үзінді келтірді.

Бұдан бұрын "Ақ жол" партиясының Семей қаласындағы филиалының өкілдері Өскеменнің атауын өзгертуді сұрап, Даниал Ахметовтың атына хат жазғаны хабарланған болатын. Белсенділердің пікірінше, қала Қабанбай батыр деп аталуы тиіс.

Қазақстанның атауын өзгертуді кім және не үшін ұсынды?

Осы аптада "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Қазақстанды Қазақ Республикасы деп атауды ұсынды. Ол елдің атауын өзгерту туралы мәселені 2014 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев көтергенін еске салды. 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстан латын әліпбиінде Qazaqstan деп жазылып келеді.


Жаңалықтар
0