Экономика

Қазақстандықтар зейнетақы қорында қанша қаражат жинады?

© SputnikЗейнетақы қоры
Зейнетақы қоры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының салымшылары өз қаражаты жайында SMS арқылы біле алады

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы айтты.

Қарт адам, архивнтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда зейнетақы тағайындау әдістемесі өзгерді: биыл кім қанша алады?

2019 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша қаржы көлемі 9,38 триллион теңгеге жеткен.

Жыл ішінде зейнетақы жинақтары 1,5 триллион теңгеге көбейді, делінген Ұлттық банк баспасөз хабарламасында. Биыл 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттары саны 9,9 миллион екен. Былтырғы зейнетақы төлемдерінің сомасы 168,6 миллиард теңге болды.

Зейнетақы жинағын қалай тексеруге болады

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының салымшылары 25 қаңтардан бастап бір реттік SMS-пароль арқылы eGov.kz сайтынан қаражат көлемін біле алады.

Бұрын ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын.

Жинақтар туралы мәліметті БЖЗҚ кеңсесіне барып немесе хат жазу арқылы, БЖЗҚ-ға тіркелген электронды пошта арқылы, сондай-ақ қор порталындағы жеке кабинет арқылы немесе eGov.kz электронды үкіметінің сайтындағы жеке кабинет арқылы білуге болады.

© Sputnik2019 жылы қазақстандықтар қанша зейнетақы алады
2019 жылы қазақстандықтар қанша зейнетақы алады - Sputnik Қазақстан
2019 жылы қазақстандықтар қанша зейнетақы алады
Жаңалықтар
0