Қоғам

"38°С дейін аяз" Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Мария Никитич / Медиабанкке өтуАязды күнде далада жүрген бала
Аязды күнде далада жүрген бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 26-28 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында аяз болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
"Қазгидромет" ақпаратынша, 26-28 қаңтар күндері антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде түнде —30…-38 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. Ал күндіз сынап бағанасы —18…-27, кей жерлерде —30 градусқа дейін төмендейді. 

Орталық Азия арқылы циклон ығысады. Қазақстанның солтүстік жартысында суық  антициклон, ал Орталық Азияда жылы циклон әсерінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында  бұрқасындатып, жел күшейеді. 

Сондай-ақ, синоптиктер 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында дабылды ескерту жариялады. Ертең кей жерлерде бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін барады. 

Петропавлда да бұрқасын және қатты жел. 

Ірі қалалардағы ауа райы 

Астана 

26 қаңтарда: күндіз қар жауады, ауа температурасы —6…-8, түнде —14…-16 градус;

27 қаңтарда: күн ашық, көшпелі бұлт шығады, сынап бағанасы күндіз —18…-20, түнде —25…-27 градусты көрсетеді.

Алматы

26 қаңтарда ауа температурасы күндіз +3…+5, түнде —6…-8 градус;

27 қаңтарда: күндіз сынап бағанасы +3…+5, ал түнде —5…-7 градусты көрсетеді.

Шымкент 

26 қаңтарда күндіз ауа температурасы +10…+12, түнде 0… —2;

27 қаңтарда; күндіз +10… +12, ал түнде 0…-2 градус шамасында.

 

Жаңалықтар
0