Өңірлер

Полиция дәретханада құрдасын ұрып-соққан жасөспірімдерді тапты

© AFP 2024 / CatherineRИллюстративнті фото
Иллюстративнті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылордалық жасөспірімдер бес жылға бас бостандығынан айырылуы немесе шектелуі мүмкін

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектеп әжетханасында құрдасын ұрып-соғып, оны видеоға түсірген оқушыларды тапты.

Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістанда оқушыларды ұрып-соққан жасөспірімнің анасы кешірім сұрады

"Оқиға Қызылордада бір жыл бұрын, 2018 жылдың 10 қаңтарында болған. Ол кезде зардап шеккен оқушының ата-анасынан полицияға ешқандай арыз түспеген", — деп түсіндірді Қазақстан ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің бастығы Алмас Сәдубаев.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, деп нақтылады Сәдубаев.

Жасөспірімдер бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде төменгі сынып оқушыларын ұрып-соғудың тағы бір оқиғасы белгілі болды. Кейінірек Ішкі істер министрлігі бұзақылық Түркістан қаласында қаңтар айының ортасында болғанын хабарлады. Барлық жасөспірім анықталды. 


Жаңалықтар
0