АЛМАТЫ, 24 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда арнайы операция жүргізіп, Таяу Шығыс елдеріне әскери әуе техникасын заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты.
Алматы ҰҚК департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктілер — Қазақстан азаматтары, елден әуе құрылғыларын заңсыз тасымалдауды жоспарлаған, бұл құрылғылар бірнеше шетелдік мемлекеттердің әскери әуе техникаларына орнатылған. Келісім сомасы 122 мың доллардан асады. Аталған дерек бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҚК 289-бабы 2-бөлімі (Айналымнан алынып тасталған немесе қолданысы шектелген заттар контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"16 қаңтарда тергеу шаралары барысында жөнелтуге әзірленген жасақтаушы блоктары бар әскери өнім тәркіленді. Заңсыз келісімге қатысы барлар ұсталды", — делінген Алматы қаласының ҰҚК департаменті хабарламасында.
Күдіктілер Алматыдағы ҚР ҰҚК департаментінің тергеу абақтысына қамауға алынды.
Келісім туралы толығырақ мәлімет берілген жоқ.