Өңірлер

Ақтөбеде полиция тергеушісі ноутбук ұрламақ болды

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицей. Архивтегі фото
Полицей. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкері өзі қабылдаған антты бұзып, ішкі істер органдарының беделін түсірді

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Ақтөбеде ноутбук ұрлауға әрекеттенгені үшін полиция тергеушісі 400 сағат, ал оның сыбайласы 600 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жүргізуші әйелді заң бұзуға мәжбүрлеген полицей жазасын алды

Заводской полиция бөлімінің тергеушісі Ілияс Жүсіпов сыбайласымен бірге түнде ноутбук ұрлау үшін Ақтөбе қаласындағы дүкендердің бірінің темір торын бұзбақ болған, деп жазылған қылмыстық істе.

Сот қаулысында полиция қызметкері өзі қабылдаған антты бұзып, ішкі істер органдарының беделін түсіргені айтылған, деп жазды "Диапазон". 

Бұдан басқа алдын ала тергеу барысында прокурор Сазды полиция бөлімі тергеушісінің айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын үйқамақтан кепілмен босатуға өзгерту туралы қаулысын бекіткені анықталды. Осылайша ол Қылмыстық процессуалдық кодекстің нормаларын бұзған.Үйқамаққа алу туралы санкцияны тергеу судьясы берген және бұлтартпау шарасын тек сол судья ғана өзгерте алатын еді.   


Жаңалықтар
0