Өңірлер

"Сөмкеден қол шығып тұр" Алматы әуежайының қызметкері полиция шақыруға мәжбүр болды

CC0 / Jan Vašek / Жолаушы
Жолаушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуежай қызметкерлерімен әзілдеспек болғандар "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жазалануы мүмкін

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Алматы әуежайында жолаушы сөмкесіне адам отырғызып, алып өтпек болған. Атышулы жас қазақстандық Назар Роллан осы әрекетімен әуежайдың қауіпсіздік қызметін тексеріп көрмек болыпты.

Сөмке - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әуежайда ұшақтан түсірілген сөмкеден бес айлық сәби табылды - видео

Интернетте лайк жинап, желіні жару үшін Роллан мен 20-26 жас аралығындағы төрт жолдасы осындай "операцияны" ойластырады. Алматы әуежайы берген мәліметке сүйенсек, жігіттердің бірі Астанаға аттанатын рейске тіркелу үшін жол сөмкесін лентаға шығарып қояды. Жүктің салмағы артып кеткен соң, жолаушыға сөмкедегі заттарын бөлу немесе қосымша ақы төлеу керектігі ескертілді.

"Қалжыңбастар" жүкті әуе компания кассасының қасында қалдырып, бір шетке шығады. Кенет кассир әйел сөмкеден қол шығып тұрғанын байқаған. Ол бірден авиациялық қауіпсіздік қызметіне хабарласып, ішкі істер бөлімінің желілік өкілдерін шақырады.

Күш құрылымдары қызметкерлері жол сөмкесіне жасырынған жігітті ұстады. Оның жолдастары осының бәрін видеоға түсіріп тұрған, алайда Желіге салуға мүмкіндік болмады. Астанаға ұшқалы тұрған жігітті рейстен түсіріп алған.

Тәртіп бұзушылардың бәрі ұсталды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша жазаға тартылуы мүмкін. Бұл бап бойынша айыпты деп танылғандар 5 АЕК көлемінде (12 625 теңге) айыппұл төлейді немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Қазақстандық Назар Роллан Алматыдағы әл-Фараби көшесінде қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып, көлік айдаған видеосымен Желіде танылған еді. Ол кезде ұсақ бұзақылық үшін жеті тәулікке дейін қамауға алынып, айыппұл төлеген.

Жаңалықтар
0