Әлем

Әлемдегі ең бай адамның бірі қатерлі ісіктен де жаман "ауру" жайлы айтты

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуДжек Ма
Джек Ма - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Alibaba қожайының пікірінше, егер адам ақымақ болса, ол қатерлі ісіктен де қорқынышты

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда адамның ақымақтығын "емдеуге болмайтындықтан", ол қатерлі ісіктен әлдеқайда жаман екенін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости

Форум барысында Маға "қызметкерлеріңізден ең алдымен қандай қасиетті іздейсіз?" деген сұрақ қойылды. Оның айтуынша, адамның бойындағы ең басты нәрсе – ақыл.

Димаш Құдайбергеннің концерті, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайдың ең бай адамы Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетті – видео

"Мен өзімнен ақылды адамдарды жалдаймын. Ол адамдар төрт-бес жылдан кейін менің басшым бола алатындай деңгейде", — деп түсіндірді компанияның негізін қалаушы. 

Оның айтуынша, егер адам ақымақ болса, онда ол қатерлі ісіктен де қорқынышты.  

"Егер ақылсыз болсаңыз, онда ол қатерлі ісіктен әлдеқайда жаман. Қатерлі ісікті емдеуге болады. Егер сіз ақымақ болсаңыз, емделе алмайсыз", — деп мәлімдеді кәсіпкер. 

Маның пікірінше, қызметкер жұмыс берушіге адам ретінде ұнауы керек. Бизнесмен өзіне өліспей беріспейтін оптимистік адамдармен жұмыс істеген ұнайтынын атап өтті. 

"Мен көптеген салада көптеген ұлы лидерлерді көрдім. Олар әрдайым оптимист. Олар ешқашан шағымданбайды", — деді Ма.

Адамдар алдымен өз жұмысындағы кемшіліктерді іздеп, басқаларға шағымданбауы керек, деп түйіндеді Alibaba негізін салушы.     


Жаңалықтар
0