Қоғам

Елімізде "Жас маман" бағдарламасы әзірленеді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы заманауи технологиялармен жабдықталған 10 үздік колледж қажет екенін де айтты

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке "Жас маман" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Айтуынша, бағдарлама 100/200 қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Тәуелсіздіктің ұрпақтары жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев кейбір студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды

"Біз оның аясында 200 жаңғыртылған оқу орны базасында ең қажет индустриялды-сервистік 100 мамандық бойынша мамандар даярлығымыз келеді. Әр өңірде бір университетті үздік ету керек. Назарбаев университетіне жақындату керек", — деді президент Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында. 

Сондай-ақ, Назарбаев заманауи технологиялармен жабдықталған 10 үздік колледж қажет екенін де атап өтті. 

"Бұл мақсатқа біз ақша жұмсап, заманауи жабдықтың 400 жиынтығын сатып аламыз. Қазақстанның барлық жүйе құраушы кәсіпорны мен әр өңірдің ірі бизнесіне бұл жұмысқа қатысуын ұсынамын", — деді Елбасы. 

Жаңғыртылған оқу орындарының жанында жастардың инновациялық жобаларын қолдайтын стартап-орталықтарын құру керектігі де айтылды.

"Нәтижесінде үш жыл ішінде біз 200 мыңнан аса маманды жаңа стандарттар бойынша даярлап, 15 мыңнан астам оқытушының біліктілігін арттырамыз", — деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0