Өңірлер

Үш жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі далада қалып қойды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлікте бес адам болған. Олар келесі күні бір-ақ ауруханаға жетті

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Батыс Қазақстанда жедел жәрдем көлігі қарға батып, бір тәулік бойы далада қалып қойды, деп жазады "Мой город" порталы.

Жедел жәрдем жаппай көлік апатына себепші болды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады - фото

Жедел жәрдем көлігі Жәнібек ауылынан Жақсыбай ауылына аттанған екен. Көлікте жүргізуші мен үш жүкті әйелді қосқанда бес адам болған.

Жолда жедел жәрдем қарға батып қалып, арнайы техника тәулік бойы оларға жете алған жоқ. Келесі күні ғана көлікті шопандар тұрағына сүйреп апарған. Адамдарды ауруханаға жеткізу үшін "снегоходпен" екі рейс жасауға тура келді.

Қазір олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Жақында осыған ұқсас оқиға Павлодар облысында болған – 12 жастағы науқасты әкеле жатқан реанимобиль жолда бұзылып қалыпты. Жедел жәрдем көлігіндегі адамдарды жолай өтіп бара жатқан полиция жасағы құтқарды.

Жаңалықтар
0