Экономика

Қазақстанда 4 категориядағы адамдардың ипотекалық қарызы кешірілмек

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуПроценттің белгісі
Проценттің белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк бұл мәселеге қатысты алдағы күндері нақты жауап беретінін хабарлады

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда кей борышкерлердің қордаланған ипотекалық қарызы кешірілуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда Ұлттық банк жанындағы жұмысшы топтың отырысында мәлім болды.

Арнайы бағдарлама қабылданатын болса, 4 категориядағы адамдардың берешегі қайта қаралады.

Есік - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ТҮҚЖБ басшысы арзан ипотека алғысы келетіндерге кеңес берді

Атап айтқанда, ипотекалық қарызы бар 1 және 2 топтағы мүгедектердің, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен қайтыс болған ата-анасынан ипотека мұраға қалған кәмелетке толмаған балалардың қордаланған қарыздары кешірілуі мүмкін. Бұл бастаманы қоғамдық ұйымдар өкілдері бірнеше мәрте көтерген еді. 

Үміт Бағиянова 2006 жылы екінші деңгейлі банктердің бірінен 198 мың АҚШ доллары көлемінде несие алған. Шетел валютасымен алғандықтан, девальвация кезінде қарызы екі есеге артыпты. Екі бірдей баспананы кепілге қойғаны жағдайды ушықтырып тұр.    

"Бауырым 7 баланың әкесі, екінші топтағы мүгедек, мен жалғызбасты ана болған соң, бірігіп жұмыс істейік деп дүкен алдық. Бауырымның жүйкесі тозып бітті, қан қысымы көтеріледі, осы санатқа жатады деп үміттенемін. Туыстарымның үйлерін банк қайта-қайта сатуға қояды. Үйлері кетіп қала ма деп қорқамыз", — дейді ол. 

Ұлттық банк жанынан құрылған жұмысшы тобының мүшесі Шолпан Ризабекованың айтуынша, аталған санаттағы борышкерлердің қарызын кешіруге екінші деңгейлі банктер мен бас қаржы реттеуші келіскен, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Ұлттық банк бұл мәселеге қатысты алдағы күндері нақты жауап беретінін мәлімдеді.   


Жаңалықтар
0