Қоғам

Бүркітші қыз Назарбаевқа Алтай қазақтарының аманатын жеткізді

© Sputnik / Владислав ВодневБүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы
Бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айшолпан Нұрғайыпқызы мемлекет басшысын Моңғолияға қонаққа шақырды

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Астанада жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Моңғолиядан келген бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы сөз сөйледі, деп хабарлайды тілшісі.

Қазір Айшолпан Қазақстанның арнайы шақыруымен Астанада білім алып жүр.

Айшолпан Нұрғайыпқызы, Моңғолияда тұратын қазақ бүркітшісі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әлемге әйгілі бүркітші қыз: басында бәрі маған қарсы шықты

"Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен сізбен кездесуді армандап едім. Бүгін сол арманым орындалды", — деді Айшолпан ЭКСПО кешенінде өткен шарада. 

Бүркітші қыз Моңғолияда туып-өссе де, атамекені Қазақстан екенін еш уақытта ұмытпағанын атап өтті.

"Соның арқасы шығар, қазір Астанадағы "Нұр Орда" халықаралық мектебінде оқып жатырмын. Менің әкем Нұрғайып бүркіт баптау құпиясын үйретті. Ал анам мені әркез қолдады. Алғаш рет 8 жасымда бүркітімді қолыма қондырдым. Бүркіт баптау үшін қайсарлық қажет, әсіресе 18 метр қиядағы бүркіттің балапанын алу өте қорқынышты болды. 13 жасымда 79 бүркітші бақ сынаған сайыста бірінші орын алдым", — деді ол.

Осы орайда Айшолпан өз арманы туралы айтты.

"Астанада және басқа қалаларда қазақтың салт-дәстүрін оқып үйрететін орталықтар, әсіресе, соның ішінде бүркітшілер мектебі ашылса деген арманым бар", — деді бүркітші қыз.

Сөз соңында ол Нұрсұлтан Назарбаевқа Алтайдағы аз қазақтың аманатын жеткізді.

"Сізді Бай-өлкеге қонақ болуға шақырамыз. Ақ дастарқаннан дәм татып кетсеңіз, алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар", — деп түйіндеді Айшолпан.

Жаңалықтар
0