Өңірлер

Қар және бұрқасын: 24-26 қаңтарға ауа райы болжамы

© AFP 2024 / Ozan KoseҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері хабарлағандай, циклон және антициклондар бірінен соң бірі тез ауысуы салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы күрт ауытқиды.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер қаңтардағы ауа райына болжам жасады

Циклонмен бірге келген атмосфералық фронттар салдарынан қар жауып, бұрқасындатып, батыстан қатты жел соғады. 

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасы күрт құбыла қоймайды, бірақ атмосфералық фронттардың ықпалымен бұл өңірлерде жылбысқы қар жауады, таулы аймақтарда қар қалың түседі, көктайғақ және тұман болады.

Дабылды ескерту

23 қаңтар синоптиктер дабылды ескерту жариялады: Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Петропавл қаласында 23 қаңтарда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Gismeteo мәліметіне сүйенсек, 24 қаңтарда түнде ауа температурасы —13 градус болса, күндіз —11 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде —2 градус, күндіз +2 градус болады. Шымкентте түнде —3 градус, ал күндіз ауа температурасы +5 градус болады. 

25 қаңтарда еліміздің бас қаласы Астанада түнде 22 градус аяз, ал күндіз 25 градус аяз болады. түнде де, күндіз де +1 градус. Шымкентте түнде —4 градус болса, күндіз +8 градусқа дейін көтеріледі. 

26 қаңтарда Астанада түнде —20 градус, күндіз –15 градус. Алматыда түнде сынап бағанасы 2 градус нөлден төмен болса, күндіз +3 градусқа дейін көтеріледі. түнде —2 градус, күндіз +8 градусты көрсетеді.

Жаңалықтар
0