Қоғам

Алғашқы ақылы ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тестіні қазақ тілінде 25 мыңнан астам оқушы тапсырды, орыс тілінде - он мыңнан астам

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда бірінші ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шықты.

ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?

"Қысқы" ҰБТ-ға 34 687 мектеп оқушысы қатысқан. 24 012 адам немесе тапсырғандардың  69 %-ы шектік ұпайдан артық балл жинаған, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директоры Рамазан Әлімқұлов.

10 675 білім алушы (31 %) жеткілікті ұпай жинай алмады.

Мемлекеттік тілде тапсырғандар саны 25 мыңнан асса, он мыңнан астам оқушы орыс тілінде тестілеуден өткен. Ағылшын тілін 61 талапкер таңдапты. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі тоғыз оқушы өз білімін тексеріп көрді.

Биылдан бастап алғаш рет Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет тапсыруға болады: қаңтарда, наурызда, маусымда және тамызда.

"Қаңтар, наурыз және тамыз айында ҰБТ тапсырған соң, талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне оқуға түсе алады. Ал мемлекеттік грантты жеңіп алғысы келсе, міндетті түрді маусым айында ҰБТ-дан өтуі керек, соның қорытындысы бойынша конкурсқа қатыса алады", — деп атап өтті Әлімқұлов орталық коммуникациялар қызметінің алаңқайында.

Ақылы ҰБТ-да оқушылар қандай пәндерді таңдады

Сегіз мыңнан астам талапкер "Математика – физика" пәндерін таңдаған, ал алты мыңдай болашақ студент "Химия — Биология" пәндері бойынша бақ сынауды жөн көріпті.

Республикалық апелляциялық комиссияға тест мазмұны бойынша сегіз шағым түсті, олардың үшеуі қанағаттандырылған.

"Алтын белгі" иегерлеріне жеңілдіктер қарастырылған ба

Ұпай саны тең болғанда, "Алтын белгі" иегерлеріне басымдық беріледі, деп атап өтті Әлімқұлов.

ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-ны қайта тапсыру басталды – қорытындысын қайдан білуге болады

Биылғы түлектер қандай да бір дәлелді себеппен ҰБТ тапсыра алмаса, келесі тестілеуге қатыса алады.

Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар көмектеседі.

ҰБТ-да қанша балл алғаныңды Ұлттық тестілеу орталығынан біле аласың. Тапсырған адамның жеке коды мен ЖСН нөмірін енгізсе, экранға ұпай саны шығады.

Жаңалықтар
0