Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев24 қаңтар
24 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 24-ші күн. Жыл соңына дейін 341 күн қалды

24 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бүл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

24 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін — халықаралық эскимо мерекесі. Себебі осы күні Онава қаласындағы дүкеннің иесі Христиан Нельсон эскимоға патент алған болатын. Аңыз бойынша, Нельсонның балаларға арналған тәттілер шығаратын фабрикасы болған. Бір күні ол фабрикада жұмыс істеп жүріп балмұздақтың үстіне шоколад тамызып алады. Кейін эскимоның жаңа партиясын серіктесі Рассел Стовермен бірге әзірледі. Олар жаңа өнімді "эскимо пай" деп атауды жөн көреді. Бұл ағылшын тілінен аударғанда "эскимостар бәліші" деген мағынаны білдіреді.

Сондай-ақ, бүгін әлем халқы құтыдағы сыра күнін атап өтіп жатыр. Көбікті бұл сусын алғаш рет 1935 жылы АҚШ-тың Виргиния штаты Ричмонд қаласында құтыға құйыла бастаған-ды. Осы күнге дейін де көпшілік сүйіп ішетін сусынды консервілеудің көптеген әдісі болған еді. Алайда олардың барлығы да 20 жылға жуық уақыт әзірлену үстінде болды.

Бастапқыда мұндай құтыны әдеттегі консервілер секілді ашатын. Кейін оны ашуға арналған арнайы пышақ жасалып шығарылды. Осылайша құтыдағы сыраның пайда болуына 40 жыл уақыт қажет болды.
АҚШ тұрғындары бүгін ұлттық жержаңғақ майы күнін атап өтіп жатыр. Бұл танымал өнім ағылшын тілінде peanut butter деп аталады. Вutter сөзі қаймақ майы деп аударылса да, құрамында сүтті өнімдер жоқ. Ол тек жержаңғақтан жасалады. Кейде ғана өсімдік майы қосылуы мүмкін. Арахис майы көбінесе сэндвич әзірлеу үшін қолданылады. Оны джем, банан, маринадталған қияр, майонез, зәйтүн, пияз, бал, шоколад ұнтағы сынды тұзды және тәтті тағамдармен қатар жеуге болады.

Элвис Пресли мен Эрнест Хэмингуэй жержаңғақ майын ерекше жақсы көрген. Рок-н-ролл королі сэндвичке жержаңғақ майын, банан мен шошқа етін қосып жегенді ұнатқан. Ал жазушы жержаңғақ майын пиязбен араластыруды жөн көрді.

24 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1924 жылы алғашқы олимпиада ойындары өтті;

1935 жылы алғаш рет құтыдағы сыра сатыла бастады;

1984 жылы Apple Macintosh бірінші дербес компьютер шығарылды;

1995 жылы Ресей ІІМ экономикалық қауіпсіздік академиясы құрылды.

24 қаңтарда Қазақстанда қандай тарихи оқиғалар болды

1996 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заң күші бар жарлығы шықты;

2014 жылы Гамбург қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

24 қаңтарда дүниеге келген танымалдар

1732 жылы танымал француз драматургі және публицист Бомарше дүниеге келді;

1776 жылы неміс жазушысы, романтик, сазгер, суретші және заңгер Эрнест Теодор Амадей Гофман туды;

1942 жылы кеңес эстрада жұлдызы, тенор Валерий Ободзинский өмір есігін ашты;

1953 жылы кеңестік және ресейлік альтист, дирижер, педагог, қоғам қайраткері Юрий Башмер өмірге келді. Ол 1991 жылы КСРО халық әртісі атағын алды.

24 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1918 жылы сазгер, Ұлы Отан соғысының ардагері Әли Базанов дүниеге келді;

1919 жылы актриса, әнші, Қазақстанның халық әртісі Әйкен Мұсабекова өмірге келді;

1953 жылы кинорежиссер, продюсер, актер, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі Ермек Шынарбаев туды.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісіне келіп тоқтайды. Бүгін көптеген адам ашуланып жүреді. Сол себепті әрекеттеріңізге абай болыңыз. Әйтпесе маңдай теріңізбен жинағандарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Жаңалықтар
0