Экономика

Енді баспанасы барлар да "7-20-25" бағдарламасы арқылы пәтер алуы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневБаспана
Баспана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағымдағы бағалау бойынша, биыл қазақстандықтардың баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтерді құрайды

АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк меншік құқығында баспанасы бар азаматтарға "7-20-25" бағдарламасына қатысу құқығын беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев "7-20-25" бағдарламасы қалай іске асып жатқанын айтты

Бүгін үкіметте ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев президенттің бастамасымен іске қосылған "7-20-25" бағдарламасы қалай іске асып жатқанына тоқталды. 

"7-20-25" бағдарламасына қатысу талаптарының бірі – азаматтың меншік құқығында баспанасының болмауы. Алайда, Ақышевтің айтуынша, басында баспанасы болса да, тағы да пәтер сатып алғысы келетіндер көп.  Олар көп балалы отбасылар, балаларына баспана сатып алғысы келетін ата-аналар, басқа өңірлерге көшетін азаматтар болуы мүмкін. 

"Халықтың қажеттілігін назарға ала отырып, ұлттық банк үкіметке меншік құқығында баспанасы бар азаматтарға бағдарламаға қатысу құқығын беру мүмкіндігін зерделеуді ұсынады", — деді Ақышев үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, ағымдағы бағалау бойынша биыл қазақстандықтардың баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтерді құрайды.

Баспана - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда ең тиімді ипотека халықтың 15%-ына ғана қолжетімді – зерттеу

Сондай-ақ бағдарламаны жандандыру үшін былтыр желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілген. 

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған үйлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматтарға "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сатылуы мүмкін", — деді Ақышев. 

Бұған қоса, бастапқы жарнаны азайту үшін қызметкерлердің жекелеген санаттарына қолдау көрсетілуде. Атап айтсақ, жеңілдікпен берілетін ипотека бойынша бастапқы жарнаны субсидиялау механизмі енгізілді.

Жаңалықтар
0