Әлем

Бикинимен суретке түсу үшін шыңға өрмелеген қыз жантүршігерлік жағдайда ажал құшты

Жазылу
Әйел 100 рет шың басына өрмелеп, 97 рет бикинимен суретке түскен, бірақ өзі кәсіби альпинист болмаған

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Бикинимен тауға өрмелеп желіде жұлдыз болған Тайбэй тұрғыны Тайваньдағы "Юйшань" ұлттық қорығындағы шатқалға құлағаннан кейін қаза тапты.

Оқиға 19 қаңтарда болған. Тауға өрмелеген кезде турист қыздың спутниктік телефоны болыпты, деп жазады РИА Новости. Ол құтқарушыларға хабарласып, 20 метр биіктіктен құлағанын және көмек қажет екенін айтады.

Ауа райы қолайсыздығы құтқарушылардың тікұшақпен аттануына кедергі келтіреді, оқиға орнына жаяу жетуге мәжбүр болған.

Бастапқы деректерге сүйенсек, турист қыз құлаған жерінде 40 сағат бойы жатып, суық өтіп ажал құшыпты.

Ғалам аруы - 2018 шомылу киімдерімен дефиле - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Ғалам аруы": қазақ қызы шомылу киімімен сахнада жүріп өтті - видео

У Цзиюнь "Юйшань" қорығына 11 қаңтарда келіп, 24 қаңтарға дейін Батунгуань соқпағымен жоғары көтерілмек болған, деп хабарлайды Тайваньның Орталық ақпараттық агенттігі. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, туристің Юйшань (3 592 метр) сияқты биік шың басына шығуға рұқсаты болмаған екен. Бірақ оның суретке түсу үшін қандай биіктікке дейін көтерілмек болғаны белгісіз.

Ол кәсіби альпинист емес еді. Тілшілерге берген сұхбатының бірінде мұндай ерекше хобби қайдан шыққанын түсіндірген болатын. У Цзиюнь бәстесуден ұтылып, биік тауға шығып, шомылу киімімен суретке түсуге мәжбүр болыпты. Сөйтіп, төрт жыл ішінде қыз 100 рет шыңға шығып, 97 рет бикинимен суретке түскен.

Жаңалықтар
0