АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, өңір басшысы 300 гектар ауыл шаруашылығы жерін жалдау мерзімін ұзарту үшін өзінің орынбасары арқылы кәсіпкерден пара алған.
"Оқиға орнын тексеру нәтижесінде әкімнен екі миллион теңге тәркіленді, оның бір бөлігінің сериясы бұрын алынған бір миллион теңгемен сәйкес келеді. Аудан әкіміне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", — деп хабарлады агенттіктегілер.
Асанәлі Әшімов полицейден "пара" алды
Ведомство ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын еске салды.