АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Берік Ерболатұлы түсінде Мұхаммед пайғамбар аян беріп, бақсылық жолға түскенін айтады. Медицина емін таба алмаған ауыр дертінен айыққан ол 2012 жылдан бері адам емдеп келеді.
"Бұрын бес жыл бойы қатты ауырдым, денсаулығым болмады. Өзбекстанға барып жүрегіме ота да жасаттым. Аяқ-қолым істемей біраз жаттым. Дәрігерлер ешқандай диагноз қоя алмады. Түсімде пайғамбарды көрдім. Ол кісі қанаты бар ақ атпен келіп, ақ батасын берді. Сол күннен бастап неше түрлі аян көре бастадым. Осы жолға түсуің керек деп аян келе бастағаннан кейін Құран оқып, денсаулығым жақсара бастады", — деді Жылға ауылының тұрғыны "Пендеміз ғой" бағдарламасында айтылды.
Тағы оқыңыз: Ер адам балгерге сеніп, кінәсіз әйелді өлтірмек болды
Емшінің нағашы жағынан арғы аталарында елге танылған бақсылар болған. Ал өз аталары қамшы мен қасиетті Құранды қолға ұстаған құрметті кісілер дейді. Келушілердің ішінде ауылдастарынан бөлек, алыс-жақын шетелдің азаматтары да бар. Ал жете алмағандарын суретіне қарап, қашықтықтан емдейтін қасиетке ие екен.
Айтуынша, келіншек босана салысымен қырық күндей өзін жылы ұстамай, түнде әжетханаға жалаңаш шығып кеткен. Жын осы кезде кіріпті-мыс. Сондай-ақ, ол жынның қанның иісін ұнатып, әйелдің денесінде қалуды жөн көргенін айтып өтті. Емші жыннан арылу үшін қобызды пайдаландым деп отыр.
Берік Ерболатұлы туралы естіген қариялардың бірі емшінің сөзіне сенетінін айтса, екіншілері мұны өтірікке балады.