АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Қылмыстық полиция департаментінің жедел қызметкерлері "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген үш күдіктіні ұстады. Олар Қызылордадағы арнайы операция кезінде қолға түскен, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігі.
ІІМ браконьерлердің инспекторларға жасаған шабуылының мән-жайын баяндады
"Қазір айғақтарды жинап, бекіту үшін іс-шаралар атқарылып жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау абақтысында. Сотқа дейінгі тергеулер жалғасуда", — деп мәлімет берді ішкі істер министрлігі ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті директоры Алмас Сәдубаев.
Естеріңізге сала кетсек, 13 қаңтарда браконьерлер Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында "Охотзоопром" кәсіпорнының екі инспекторына оқ атқан. Салдарынан қорықшылардың бірі Ерлан Нұрғалиев жарақат алып, ауруханада көз жұмды.
Қарағандыдағы қанды төбелеске не себеп болғаны анықталды