Өңірлер

Бұрқасын және екпінді жел: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуборан
боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Қазақстан территориясы арқылы атмософералық фронттардың бірінен соң бірінің ығысуынан қар, оңтүстік өңірлерде жабысқақ қар, солтүстікте кей жерде бұрқасын, екпінді күшті жел болады. 

"Алдағы үш тәулікте республикада синоптикалық процестер айтарлықтай өзгермейді, ал батыс және оңтүстік-батыстан тропосфералық ағындардың ығысуы сақталып, бұрынғыша ауа температурасын климаттық нормадан жоғары болады", — деп хабарлады Қазгидромет. 

Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.        

Түркістан облысында тұман, бұрқасын соғады, шығыстан күші 15-20 м/с жел болады. 

Үш қалада ауа райы қандай болады

жасыл шөп, архив - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда қыстың ортасында шөп көктеді
Gismeteo мәліметіне сүйенсек, 22 қаңтарда Астанада түнде ауа температурасы —6 градус болса, күндіз —7 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде —4 градус, күндіз —4 градус болады. Шымкентте түнде —3 градус, ал күндіз ауа температурасы +1 градус болады. 

23 қаңтарда еліміздің бас қаласы Астанада түнде 7 градус аяз, ал күндіз 5 градус аяз болады. Алматыда түнде —5 градус, күндіз —4 градус. Шымкентте түнде —8 градус болса, күндіз +2 градусқа дейін көтеріледі. 

24 қаңтарда Астанада түнде —7 градус, күндіз –1 градус. Алматыда түнде сынап бағанасы 5 градус нөлден төмен болса, күндіз +5 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде —5 градус, күндіз +4 градусты көрсетеді. 

Жаңалықтар
0