Өңірлер

Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы мұздың астына түсіп кетті

© Photo : КЧС МВД РКҚұтқарушылар судан батып кеткен қыздың денесін алып шықты
Құтқарушылар судан батып кеткен қыздың денесін алып шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұздың астына түсіп кеткен көліктің ішінде бес адам болған – ерлі-зайыпты және үш баласы

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында көлік мұздың астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

мұз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мұздың астына түсіп кеткен баланың денесі 3 күннен кейін табылды
Қайғылы оқиға 18 қаңтарда кешкі сағат тоғыз кезінде Күршім ауданындағы Алғабас ауылынан 10 шақырым жерде болған. Мұздың үстімен келе жатқан "ВАЗ-2019" автокөлігі астына түсіп кетті. Көліктің ішінде бес адам болды – әке-шешесі мен үш баласы. Төрт адам өздері судың астынан шығады, бес жасар қыз батып кеткен. 

Сенбі таңертең құтқарушылар қызды іздеуге кіріседі, сағат 09:30-да оның денесін судан алып шықты. 

Айта кетсек, осы аптада Қазақстанда ауа температурасы көтеріліп, күн жылынды. Осыған байланысты су қоймаларындағы мұзбен жүру қауіпті.

Жаңалықтар
0