Қоғам

Жинақталған қаржының зекетін анықтап беретін мобилді қосымша іске қосылды

© PhotoТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Зекет" қорының мобилді қосымшасын "Play Mapкет" жүйесі арқылы жүктеп алуға болады

АСТАНА, 18 қаңтар  — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Зекет" корпоративтік қайырымдылық қоры садақа, зекет беру жүйесін оңтайландыру мақсатында қордың мобилді қосымшасын іске қосты.

Қосымшада "зекетті есептеу", "зекет кітабы", "қор туралы", "біздің іс-шаралар", "онлайн садақа жасау", "мұқтаж жандар базасы" сынды басты мәзірлер арқылы қажетті кеңестер, ақпараттар мен мәліметтер алуға болады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Әйел қан өткізіп жатыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қан тапсырудың пайдасы мен зияны: шариғат бұған не дейді?

"Мобилді қосымшаны іске қосудағы негізгі мақсатымыз – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау. Қосымшаға көмекке аса зәру жандардың ортақ базасын енгіздік. Онда науқастың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, медициналық анықтамалар, т.б. қажетті құжаттар жүктелген. "Онлайн садақа жасау" мәзірі арқылы аталған кісіге көмек бере аласыз. Қордың басты ұстанымы – елімізде шариғат (ханафи мәзһабы негізінде) бойынша садақа-зекет беру дәстүрін қалыптастыру, қаржылық мөлдірлікті, бәріне бірдей ақшалай ашықтықты қамтамасыз ету", – дейді "Зекет" қорының директоры Талғат Омаров.

Талғат Сейіткәрімұлының айтуынша, мобилді қосымшаның бір ерекшелігі: автоматты есептегіш (калькулятор) құралы зекет беру көрсеткішіне жеткен мал-мүліктің, яғни жинақталған қаржының зекетін бірден анықтайды. Мобилді қосымшаны "Play Mapкет" жүйесі арқылы "ҚМДБ зекет" сөзін жазып, жүктеп алуға болады.           


Жаңалықтар
0