Оқиға

"Охотзоопром" инспекторының өлімі: күдіктілердің фотосы жарияланды

© Photo : pixabay/Jason Gillman Мылтық
Мылтық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инспекторларға шабуыл жасады деген күдікке ілінген ер азаматтардың есімі белгілі болды

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. ІІМ баспасөз қызметі "Охотзоопром" кәсіпорнының қорықшыларына шабуыл жасады деген күдіктілердің суретін таратты.

Қарағанды облысы аумағында 13 қаңтар күні инспекторларға браконьерлер шабуыл жасаған. Ол кезде кәсіпорын қызметкерлері браконьерлердің көлігін тексеріп жатыпты.

© Photo : ІІМ баспасөз қызметіКүдіктілер солдан оңға қарай: Ахметов Б.М., Шукилдиков Н.М., Акшанов К.В.
Күдіктілер солдан оңға қарай: Ахметов Б.М., Шукилдиков Н.М., Акшанов К.В.  - Sputnik Қазақстан
Күдіктілер солдан оңға қарай: Ахметов Б.М., Шукилдиков Н.М., Акшанов К.В.

Облыстың полиция департаменті қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан инспектордың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қылмысқа қатысы бар үш ер адам анықталды. Күдіктілер Ахметов Б.М., Шүкілдіков Н.М., Ақшанов К.В. қазір халықаралық іздеуде.

"Қазір оларды ұстау үшін шаралар қолданылып жатыр", — деп мәлімет берді ІІМ.

Құқық қорғаушылар күдіктілерге қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қарағанды облысының полиция департаментіне хабарласуды сұрайды: 8 (7212) 42 92 04, 42 91 90, 42 90 25, 42 90 26 немесе 102.

Жаңалықтар
0