Қоғам

Көшербаев сыртқы істер вице-министрі қызметіне тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің өкімімен сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары ауысты

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Бұған дейін СІМ жауапты хатшысы болып жұмыс істеген Ермек Көшербаев Қазақстан сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Шымкенттің бұрынғы әкімін жаңа қызметке тағайындады

"Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдарда президент әкімшілігінде, үкіметте, сыртқы істер министрлігінде, "Нұр Отан" партиясында, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да басшылық қызметтер атқарған. 

Көшербаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы вице-министрі, ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болып істеген. 2017 жылдың мамырынан 2019 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан СІМ жауапты хатшысы лауазымында болды.  

 


Жаңалықтар
0