Қоғам

Депутат Сирияда құтқарылған қазақстандықтар жайлы фильм түсіруді ұсынды

© AP Photo Сирия
Сирия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жусан" операциясының арқасында Сириядан 47 қазақстандық қайтарылды

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары "Жусан" операциясы негізінде деректі, патриоттық тәрбиедегі көркем фильм түсіруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сирия - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті – ҰҚК

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдаған Қуаныш Сұлтанов жаңа жылдың алғашқы аптасы президенттің бірегей гуманитарлық "Жусан" операциясының сәтті аяқталуы туралы жан тебірентерлік мәлімдемесімен есте қалғанын айтты. Осы операцияның арқасында Сириядан 11 әйел, 30 бала – барлығы Қазақстанның 47 азаматы қайтарылған еді. 

"Операцияның қалай дайындалғаны және қандай қиындықтарды еңсеруге тура келгені президент пен нақты орындаушыларға ғана мәлім. Мұның өзі үлкен құрметке лайық", — деді Сұлтанов. 

Депутат мұндай арнайы операцияларды жүргізу тек мықты әрі ықпалды мемлекеттердің қолынан келетінін атап өтті. 

"Ең бастысы, біздің азаматтарымыз құтқарылды. Біз арнайы қызметтердің жоғары кәсібилігі мен қорғаныс арсеналының жауынгерлік дайындығына көз жеткіздік. Бұл жастардың патриоттық және рухани тәрбиесіне оң әсер етері сөзсіз", — деді депутат. 

Осы орайда Сұлтанов "Жусан" операциясы негізінде деректі, көркем фильм түсіруді ұсынды.

"Президент Назарбаевтың тапсырмасымен қазақстандықтарды құтқару бойынша жүргізілген операция жоғары көркемдік фильмдер түсіруге тамаша сюжет болар еді. Мемлекеттік тапсырыспен "Жусан" операциясы негізінде патриоттық тәрбиедегі, шытырман оқиғалы көркем-деректі фильм түсіруді тапсыруды ұсынамын", — деді Сұлтанов.

Жаңалықтар
0