Қоғам

Балаға берілетін жәрдемақы 2019: кімге, қалай және қанша төленеді?

Жазылу
Биыл айлық есептік көрсеткіш 2525 теңгеге дейін көтерілді, сәйкесінше, балаларға төленетін жәрдемақылар мен көп балалы отбасыларға берілетін көмек мөлшері де өсті

2019 жылы мемлекеттен төленетін жәрдемақылардың мөлшері қалай өзгергенін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз. 

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 

Бала туғанда төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2003 жылы енгізілген. Жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджет есебінен төленеді. 

2019 жылы біржолғы жәрдемақының мөлшері:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға  – 38 АЕК (биыл 1 АЕК – 2525 теңге) немесе 95 950 теңге;
  • төрт және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 159 075 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.

Тағы оқыңыз:

Бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 14 544 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 17 195 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 19 821 теңге;
  • төрт және одан да көп балаға – 8,9 АЕК немесе 22 473 теңге.

Тағы оқыңыз:

Ал декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем былай есептеледі: 

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. 

Айталық, бірінші жылы жалақыңыз 100 теңге болса, одан кейінгі жылы 150 мың теңгеге көтерілді. Орташа жалақы былай шығарылады: 

100 000*12 + 150 000*12 = 1 200 000 + 1 800 000 = 3 000 000

Енді осы жалпы табысыңызды 24 айға бөліп, орташа айлықты есептеп шығарамыз:

3 000 000 / 24 = 125 000

Осы 125 000 теңгені 0,4-ке көбейтеміз: 125 000 * 0,4 = 50 000. 

50 мың теңгенің 10%-ы, яғни 5000 теңгеңіз зейнетақы қорына кетеді. 

Сонда сіз бала күтіміне байланысты ай сайын 45 000 теңге алып тұрасыз. 

Тағы оқыңыз:

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлем қалай есептеледі?

Орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндер санының тиісті коэффициентіне (ЕСК) көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. 

Ақша, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Жәрдемақы табыс емес". Министр Әбілқасымова әділеттік орнатуға уәде берді
Бір ескеретін жайт: егер еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнге берілсе, онда ЕСК 4,2-ге, ал егер 140 күнге берілсе, онда 4,7-ге тең. 

Мәселен, орташа айлығыңыз – 100 мың теңге. 

100 000 * 4,2 (егер еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнге берілсе) = 420 000 

Шыққан соманың 10 проценті зейнетақы қорына аударылады. 420 000 теңгенің 10%-і – 42 000 теңге. 420 000 – 42 000 = 378 000.

Яғни, жүктілікке байланысты алатын біржолғы әлеуметтік төлеміңіз 378 мың теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз:

Көп балалы аналар

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға кіріске тәуелсіз төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 6,4 АЕК немесе 2019 жылы 16 160 теңгені құрайды.

Бірге тұратын 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға 4,16 АЕК немесе биыл 10 504 теңге төленеді.

Жаңалықтар
0