Оқиға

Қостанай облысында ауыл тұрғыны бауырын өлтіріп қойды

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұрыс-керіс кезінде араздасқандардың бірі сөз көтере алмай, бауырына дене жарақатын салған

АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде қанды оқиға болды – ер адам бауырын өлтірді.

Кісі өлімі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда зейнеткер анасын табамен ұрған ұлын өлтіріп тастады

Трагедия Қарабалық ауданында болды. 2018 жылдың 26 желтоқсанында полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, ауылда ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған, деп жазды Костайские Новости.

Жедел профилактикалық шаралар жүргізілгеннен кейін екі бауыр үйде отырыс жасағаны белгілі болды. Әңгіме барысында олардың арасында дау шығып, соңы жанжалға ұласқан.

Ұрыс-керіс кезінде араздасқандардың бірі сөз көтере алмай, бауырына дене жарақатын салған. Салдарынан ол қайтыс болады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.    


Жаңалықтар
0