Қоғам

Ғалымдар аз ұйқының адам өміріне орасан зор қаупін дәлелдеді

© pixabay/xiangying_xu Ұйқы
Ұйқы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүрек-қантамыр дертіне шалдықпау үшін адам тәулігіне сегіз сағат демалып, ұйқысын қандыруы тиіс

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Алты сағаттан аз ұйықтайтындардың жүрек-қантамыр ауруына шалдығу қаупі зор. Испания мен АҚШ ғалымдары осы тұжырымды дәлелдеді, деп хабарлайды EurekAlert!.

Ұйқы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дәрігерлер ұйқы үшін ең қолайлы уақытты анықтады

Зерттеуге 3 974 испан қатысқан, олар тәжірибе барысында ұйықтау және ояу жүру уақытын есептеп отыратын актиграф атты құрылғыны тағып жүреді. Еріктілерді түнгі демалысқа бөлетін уақытына қарай төрт топқа жіктеген. Бұдан бөлек, зерттеуге қатысушылардың дертін анықтау үшін эхокардиография және компьютерлік томографиядан өткізген екен.

Тәжірибе нәтижесінде алты сағаттан аз ұйықтағандарда атеросклероз дертіне шалдығу қаупі 7-8 сағат ұйықтайтындарға қарағанда 27 пайызға жоғары екені анықталды. Оның үстіне, мазасыз ұйқы және түн ішінде жиі ояну қантамыр ауруларына шалдығу ықтималдығын 34 пайызға өсіреді екен. Бірақ, керісінше, тым көп ұйықтау, яғни түнгі ұйқы сегіз сағаттан асып кетсе де, атеросклероз ауруына шалдығу қаупі бар.

Бір қызығы, аз ұйықтайтындар кофе немесе ішімдікті жиі пайдаланатын болып шықты.

Атеросклероз — қантамырлардың ішінде холестериннің түйін тәрізді жинақталып қалуы. Холестерин сіңген кезде әуелі сары дақ түрінде болып, бара-бара түйінге айналады. Түйіндер өзара қосылып кетеді. Салдарынан тамырдың ішінде жаралар пайда болып, кальций тұздары шөгіп, тамыр қатаяды, қан өтуі баяулайды.

Жаңалықтар
0