Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қазақ елін әлемге танытқан "Медеу" мұз айдыны – архив суреттер

Жазылу
"Медеу" 50 жыл бұрын қандай еді? Бұл сирек кездесетін суреттерде сан рет рекорд жаңартқан әйгілі мұз айдынының тарихи сақталған

"Медеу" биік таулы мұз айдыны – тарихы тереңде жатқан айрықша мекендердің бірі.

Бұл Алматы қонақтары жиі баратын көрікті жер ғана емес, адамды баурап, өзіне тартатын ерекше қасиеті бар орын.

Күн сайын жүздеген адам келіп таза ауада коньки тебеді, Алматының сұлу табиғатын тамашалайды.

Sputnik Қазақстан назарларыңызға "Медеу" мұз айдынының тарихын ұсынады.

© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуБиік таулы спорт кешені теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Суретте: "Медеу" мұз айдынындағы жарыс, 1970 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
1/15
Биік таулы спорт кешені теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Суретте: "Медеу" мұз айдынындағы жарыс, 1970 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуМұзда шапшаң сырғанаудың құпиясы – таза ауа, биік тау және тұнық су. Суретте: КСРО-ның конькимен жүгіру спорты құрамасының мүшелері Людмила Титова (сол жақта) мен Людмила Фегина, 1970 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
2/15
Мұзда шапшаң сырғанаудың құпиясы – таза ауа, биік тау және тұнық су. Суретте: КСРО-ның конькимен жүгіру спорты құрамасының мүшелері Людмила Титова (сол жақта) мен Людмила Фегина, 1970 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуМұз айдын ашылған күні (1951 жылдың 5 ақпаны) екі әлемдік және алты бүкілодақтық рекорд орнатылды. Суретте: коньки бойынша КСРО-ның әйелдер арасындағы біріншілігі, 1960 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
3/15
Мұз айдын ашылған күні (1951 жылдың 5 ақпаны) екі әлемдік және алты бүкілодақтық рекорд орнатылды. Суретте: коньки бойынша КСРО-ның әйелдер арасындағы біріншілігі, 1960 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуКонькимен жүгірушілердің жоғары жетістігі арқасында мұз айдын "Рекордтар шеберханасы" деп аталып кеткен. Фотода: КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Владимир Мұратов, 1973 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
4/15
Конькимен жүгірушілердің жоғары жетістігі арқасында мұз айдын "Рекордтар шеберханасы" деп аталып кеткен. Фотода: КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Владимир Мұратов, 1973 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуБиік тауда жүгіру жолақтары бар әрі халық жаппай коньки тебуге келетін жасанды мұзды ашық стадион салу – сол заман үшін тым биік мақсат еді. Суретте: Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев пен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы Ирина Роднина "Медеу" мұз айдынында, 1973 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
5/15
Биік тауда жүгіру жолақтары бар әрі халық жаппай коньки тебуге келетін жасанды мұзды ашық стадион салу – сол заман үшін тым биік мақсат еді. Суретте: Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев пен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы Ирина Роднина "Медеу" мұз айдынында, 1973 жыл.
© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуТоңазытудың күрделі жүйесі жасанды мұзды сегіз ай бойы сақтауға мүмкіндік беретін. Фотода: спорт кешенінің көрінісі, 1973 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
6/15
Тоңазытудың күрделі жүйесі жасанды мұзды сегіз ай бойы сақтауға мүмкіндік беретін. Фотода: спорт кешенінің көрінісі, 1973 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуТрибуналар 10,5 мың адамға есептелген. Фотода: Көрермендер Еуропаның әйелдер арасындағы конькимен жүгіру чемпионатын тамашалауда, 1974 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
7/15
Трибуналар 10,5 мың адамға есептелген. Фотода: Көрермендер Еуропаның әйелдер арасындағы конькимен жүгіру чемпионатын тамашалауда, 1974 жыл.
© Sputnik / Птицын / Медиабанкке өтуЖасанды мұзды сақтайтын тоңазытқыш қондырғылар, 1976 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
8/15
Жасанды мұзды сақтайтын тоңазытқыш қондырғылар, 1976 жыл.
© Sputnik / Дмитрий Дебабов / Медиабанкке өтуБиік таулы мұз айдынына апарар жолдағы "Турист" қонақүйі.
Биік таулы мұз айдынына апарар жолдағы Турист қонақүйі - Sputnik Қазақстан
9/15
Биік таулы мұз айдынына апарар жолдағы "Турист" қонақүйі.
© Sputnik / Шидловский / Медиабанкке өту1972 жылы 28 желтоқсанда жаңа спорт кешенінің ресми ашылуы болады.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
10/15
1972 жылы 28 желтоқсанда жаңа спорт кешенінің ресми ашылуы болады.
© Sputnik / Игорь Уткин / Медиабанкке өтуБиік таулы мұз айдынында барлығы 123 әлемдік рекорд орнатылды. Фотода: еңбек сіңірген спорт шебері, 1000 метрге конькимен жүгіруден олимпиада чемпионы атанған Наталья Петрусева мен оның бапкері Анатолий Петрусев "Медеу" мұз айдынында, 1983 жыл.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
11/15
Биік таулы мұз айдынында барлығы 123 әлемдік рекорд орнатылды. Фотода: еңбек сіңірген спорт шебері, 1000 метрге конькимен жүгіруден олимпиада чемпионы атанған Наталья Петрусева мен оның бапкері Анатолий Петрусев "Медеу" мұз айдынында, 1983 жыл.
© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өту1984 жылы бес мың метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан конькиші Виктор Шашерин (Қазақ ССР) спорттық карьерасын Алматыдағы әйгілі мұз айдынынан бастаған.
Конькиші Виктор Шашерин - Sputnik Қазақстан
12/15
1984 жылы бес мың метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан конькиші Виктор Шашерин (Қазақ ССР) спорттық карьерасын Алматыдағы әйгілі мұз айдынынан бастаған.
© Sputnik / В. Ваколкин / Медиабанкке өтуМұнда конькишілер ғана емес, қазақстандық хоккей командасы да бүкіл одақты дүркіретіп, топ жарды. Фотода: КСРО-ның допты хоккей чемпионы "Динамо" командасы (Алматы).
Динамо командасы (Алматы) - Sputnik Қазақстан
13/15
Мұнда конькишілер ғана емес, қазақстандық хоккей командасы да бүкіл одақты дүркіретіп, топ жарды. Фотода: КСРО-ның допты хоккей чемпионы "Динамо" командасы (Алматы).
© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өту"Медеу" биік таулы мұз айдынында 1990 жылы мұздағы мотоцикл жарысының командалық чемпионаты өтті.
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
14/15
"Медеу" биік таулы мұз айдынында 1990 жылы мұздағы мотоцикл жарысының командалық чемпионаты өтті.
© Sputnik / Г. Качкин / Медиабанкке өтуСуретте: Ресей президенті Борис Ельциннің (ортада оң жақта) Қазақстанға ресми сапары. Инженерлер мен құрылысшылар Ельцинге "Медеу" спорт кешенінен ескерткіш ретінде кәдесый ұсынды.
Борис Ельцин Медеу мұз айдынында - Sputnik Қазақстан
15/15
Суретте: Ресей президенті Борис Ельциннің (ортада оң жақта) Қазақстанға ресми сапары. Инженерлер мен құрылысшылар Ельцинге "Медеу" спорт кешенінен ескерткіш ретінде кәдесый ұсынды.
Жаңалықтар
0