Әлем

26 миллион лайк: жұмыртқаның суреті Instagram рекордын жаңартты

CC0 / Congerdesigne / Жұмыртқа
Жұмыртқа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Осы уақытқа дейін әлем бойынша ең көп лайк Кайли Дженнер жариялаған суреттер мен видеоларға басылатын еді

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Instagram желісінде жарияланған жұмыртқаның суреті әлеуметтік желіде лайк жинаудан рекордты жаңартты. Бұл суретке 26 миллионнан астам лайк қойылған, деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Сурет @world_record_egg аккаунтында жарияланды. Парақшаның иесі осы уақытқа дейін желіде ең көп лайк жинаған Кайли Дженнерден асып түскісі келетінін ашып айтқан-ды.

Дәл қазір Кайли Дженнер жариялаған видеоға 34 миллионға жуық лайк басылған. Бұл — оның ең көп көрілім жинаған видеоларының бірі. 

БАҚ-тың хабарлауынша, аккаунт иесі өзінің кім екенін айтудан бас тартты. Басылымға өзін ұлыбританиялық тауық Генриет деп таныстырыпты.

 

Жаңалықтар
0