Әлем

Махачкала тұрғыны қызының ар-намысын қорлаған 4 студенттен өш алды – видео

© Photo : pixabay.comЕр адам, иллюстративті фото
Ер адам, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Магомед Магомедов төрт студентті кездесуге шақырып, біреуін өлтіріп, қалғанын жарақаттаған

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Дағыстанда 42 жастағы Махачкала тұрғыны ұлымен бірге төрт студентті пышақтап тастады. Қанды оқиға бақылау камерасына түсіп қалған.

Сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өш алу үшін кісі ұрлаған төрт жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Оқиға 31 желтоқсан күні кешке Хуршилов көшесінде болған. Видеоға қарағанда, екі жақ кездесу белгілеген. Төрт жас жігіт тұрақта тұрған автокөлікке жақындай бергенде, салоннан шыққан Магомед Магомедов оларға жұдырық ала жүгіреді, кейін пышақ жұмсайды. Төбелеске 20 жастағы ұлы Ахмед араласқан кезде үшеуі тым-тырақай қаша жөнеледі. Қалып қойған төртінші жігіт бірнеше жерден жарақат алып, кейінірек ауруханада қайтыс болды. 

Оның достарының бірі хәл үстінде жатыр. Әкелі-балалы Магомедовтер оқиға орнынан ізін жасырған, деп жазды vesti.ru. 

Тәртіп сақшылары қақтығыстың себебі жайлы хабарламады, бірақ жағдайды жақсы білетін Махачкала тұрғындары ер адам зардап шегушілермен бір топта оқитын қызының ар-намысын осындай жолмен қорғады деп болжам жасап отыр.

Жаңалықтар
0