АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. BoxingNews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуз мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің неден қорқатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Канелоның" соңғы жекпе-жегі Лас-Вегастан тыс, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Бірақ бұл жекпе-жекте ол Чарло, Джейкобс, Андраде немесе Каллум Смит секілді мықты боксшылармен емес, әлсіз чемпион Рокки Филдингпен жұдырықтасты. Егер "Канелоның" T-Mobile Arena-ға оралуының басты себебі – оның бұл аренадан басқа жерде жеңіліп қалудан қорқатыны болса, онда бұл қапаланатын жағдай", — деп жазды журналист.
Еске сала кетсек, Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөз басталғанын мәлімдеген еді.