АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Америкалық ғалымдар күндізгі ұйқы ақыл-естің кемуіне әкеп соғатынын анықтады.
Мамандардың зерттеуі Science Translational Medicine журналында жарияланған.
Ғалымдар түнде ұйқысы қанбайтын жасы 60-тан асқан 119 адамның мәліметтеріне талдау жасаған. Мидың жұмысын бақылау үшін адамдарға арнайы электроэнцфалографиялық монитор берілген.
Зерттеу жұмысы адамдардың миында нейрондарды өлтіретін тау-ақуыздың артқанын көрсетті. Ақуыздың бұл тобы Альцгеймер ауруының пайда болу қатерін арттырады.
Ғалымдардың пікірінше, бұған адамдардың күндіз ұйықтауы себеп болған.