Әлем

Тікұшақ 62 жастағы ер адамның басын жұлып әкетті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуМи-8 тікұшағы, архивтегі сурет
Ми-8 тікұшағы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тікұшақты тексерумен айналысқан ер адам оқиға орнында қаза болды

АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та тікұшақ винті ер адамның басын жұлып әкетті. 

Ми-8 - Sputnik Қазақстан
Ми-8 құлауына басқа тікұшақ себеп болған – бастапқы болжамдар
Қайғылы оқиға жуырда Флорида штатының Эрнандо округінде болған. 62 жастағы Сальваторе Диси әріптесімен бірге жылжымалы аккумулятордың көмегімен тікұшақтың қозғалтқышын іске қоспақ болады. Алайда өздігінен жүретін қондырғы жерге құлап кетеді. Сол кезде негізгі винттің қалақшалары айнала бастап, ер адамның басын жұлып әкеткен, деп хабарлайды WFLA телеарнасы. 

62 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

"Бұл өлімнің біраз "ерекше" екені анық. Сондықтан біз барлық сұраққа жауабымыз бар екеніне көз жеткізгіміз келеді", — деді округ шерифі Аль Ниенуис.

Жаңалықтар
0