Әлем

Париждегі жойқын жарылыс: төрт адам қаза болды

© REUTERS / /Benoit TessierПарижде жарылыс орнына келген өрт сөндірушілер
Парижде жарылыс орнына келген өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
10 адам ауыр хәлде жатыр, олардың арасында бір өрт сөндіруші бар

АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Париж орталығындағы наубайханада жарылыс болып, салдарынан төрт адам көз жұмды. 

Он бір айлық - Sputnik Қазақстан
Ресейде тұрғын үйде болған жарылыс: үйінді астынан 11 айлық бала тірі табылды
Бұл туралы Францияның ішкі істер министрлігі хабарлады. 

"Жойқын жарылыс төрт адамның өмірін қиды: екі өрт сөндіруші және екі тұрғын", — деп мәлімдеді ведомствоның басшысы Кристоф Кастанер. 

Оның айтуынша, зардап шеккен он адам ауыр хәлде жатыр, олардың арасында бір өрт сөндіруші бар, деп жазады life.ru. 

Еске сала кетек, бүгін таңертең Париж орталығындағы наубайханалардың бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газ себеп болған. Төтенше жағдайдан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Жаңалықтар
0