ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 қаңтар — Sputnik. Талдықорған полицейлері желтоқсанның соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Golf 3 маркалы өртенген көліктің фотосы жергілікті kris_p_tdk паблигінде жарияланып, интернет қолданушылар арасында дүрбелең туғызды.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында ("Кісі өлтіру") қарастырылған қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлай отырып, қажетті ақпаратты берді.
"Автокөлік 5 қаңтарда табылды. Тексеру кезінде иномарка өткен жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталды. 7 қаңтарда табылған зардап шегушінің мәйітінде зорлықпен өлтірудің айқын белгілері бар", — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зайсанда такси жүргізушінің мәйіті табылды
Талдықорған полицейлері куәгерлерді тауып, осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шараларына жұмылдырылды.