Оқиға

Шымкентте 22 жастағы қыз газдан уланып көз жұмды

© Photo : Steve Buissinne Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трагедияға газ колонкасының ақауы себеп болуы мүмкін

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Шымкентте 22 жастағы қыз бала газдан уланып көз жұмды.

Тамақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық отбасы уланып қалды

Төтеншеліктер трагедияға газ колонкасының ақауы себеп болуы мүмкін деп отыр. Айтуларынша 10 қаңтарда сағат 16:47-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Онда Абай ауданындағы "Ынтымақ" шағынауданында Сүйінбай көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде улану оқиғасы тіркелгені айтылған, деп хабарлады otyrar.kz.

Төтенше жағдайлар департаментімен жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жылыту кезеңінде оқыс оқиғаларды алдын алу үшін қала аумағындағы барлық білім беру нысанында, жеке тұрғын үй секторындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында улы газдан уланудың алдын алу бойынша аула аралау жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0