Қоғам

Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмектің шекті бағасы белгіленеді

Жазылу
НовостиTelegram
Енді еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмектің бағасы бірдей болады

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмекті сатудың шекті бағасын белгілейді. Бұл туралы бүгін Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтып берді.  

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті кім және қалай алады?

Л. Бюрабекованың айтуынша, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуге бағытталған.

"Заң жобасы жарияланғаннан кейін үш ай уақыт өткен соң, яғни күшіне енген кезден бастап шекті көтерме және шекті бөлшек сатылым бағаларын анықтау рәсімі басталады, көтерме дистрибьюторларға және бөлшек саудада осы анықталған шекті бағалардан асырып дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынады", — деді Людмила Бюрабекова.   

Фармация комитетінің төрайымы дәрі-дәрмек бағасын қалыптастырудағы жоспарлы өзгерістер бағаны реттеудің 4 деңгейін: өндіруші, көтерме сауда, бөлшек сауда мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы сатып алу деңгейлерін қамтитынын атап өтті. 

Бұған қоса, қымбат тұратын дәрі-дәрмектердің бағалары да реттеледі. Л. Бюрабекова бағаларды реттеу дәрі-дәрмектердің сапасына әсер етпейтініне назар аударды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сағынтаев министрден өңірлерге дәрі жеткізу неге кешеуілдеп жатқанын сұрады

"Баға мен сапа – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде үнемі ескерілетін екі критерий. Бізде сапаға сараптамалық ұйым – Дәрі-дәрмектерді сараптаудың ұлттық орталығы жауапты. Тіркеу жүргізіліп жатқан кезде компания дәрінің сапасын растайтын құжаттар пакетін ұсынады. Егер дәрі-дәрмек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген болса, онда оның қауіпсіздігі мен сапасы дәлелденген", — деді Фармация комитетінің төрайымы.  

Айта кетерлік жайт, еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмектің бағасы бірдей болмақ.


Жаңалықтар
0