Әлем

Олимпиада чемпионы бапкерін төрт жыл бойы зорлап келді деп айыптады

© Sputnik / Табылды КадырбековТұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі сурет
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаттықтырушы азғындық әрекетін тек 2018 жылдың қаңтарында тоқтатқан

АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Оңтүстіккореялық шорт-трекші Сим Сок Хи бапкері Чо Чже Бомды өзін зорлады деп айыптады. 

Бетін жауып отырған қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте мектептен үйге келе жатқан оқушы қызды зорлап кетті
Чо Чже Бом өзі жаттықтырған Олимпиада чемпионы Сим Сок Хиді 17 жасынан бастап зорлап келген. Қыздың адвокатының айтуынша, бапкер азғындық әрекетін тек 2018 жылдың қаңтарында – Пхенчхандағы Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда ғана тоқтатқан, деп хабарлайды CNA.

21 жастағы Сим Сок Хи зорлық көргені туралы сот тыңдауында мәлімдеді. Бұған дейін Чо Чже Бом қарамағындағы спортшыны ұрып-соқты деп айыпталған екен. 

"Бұл қорқынышты қылмыс. Біздің қоғам оны жазасыз қалдырмауы керек", — деді Олимпида чемпионының қорғаушысы журналистерге. 

Тағы оқыңыз: 

Сондай-ақ, адвокат Чо Чже Бомның азғындық әрекетті мемлекеттік жаттығу орталықтарында да жасағанын мәлімдеді. Заңгер спортты басқарудың қазіргі жүйесінде жас спортшылар жеткілікті деңгейде қорғалмағанын атап өтті.
                                                                   

Сим Сок Хи — екі дүркін Олимпиада чемпионы. Кореялық бойжеткен алғашқы алтынын Сочидегі Олимпиадада жеңіп алды. Ал екінші алтын төрт жылдан кейін Пхенчханда өткен ойындарда бұйырды.
Жаңалықтар
0